Мазмұнға өту

Седан (қала)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Седан
Sedan
Седан бекеті
Седан бекеті
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Франция

Аймақ

Шампань-Арденны

Департамент

Арденны

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°42′00″ с. е. 4°56′40″ ш. б. / 49.70000° с. е. 4.94444° ш. б. / 49.70000; 4.94444 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°42′00″ с. е. 4°56′40″ ш. б. / 49.70000° с. е. 4.94444° ш. б. / 49.70000; 4.94444 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

16,28 км²

Орталығының биiктігі

157 м

Уақыт белдеуі

UTC+1

Тұрғындары
Тұрғыны

20 548 адам (1999)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

08200

sedan.fr  (фран.)

Седан картада
Седан
Седан

Седан (фр. Sedan)  – Францияның солтүстік-шығысындағы, Бельгия шекарасының қасындағы Маас өзенінң жағалауында орналасқан Арденна департаментіндегі қала. Халығы 20 548 адам (1999), жер аумағы 16,28 кm³.

Металлургия, құбыр прокаты, жүн мата, кілем тоқу өндірісі дамыған. 19 ғ-дың аяғына дейін бекініс. Француз-прусс соғысы (1870-71) кезінде Седан ауданында 1870 ж. 1, 2 сентябрьде неміс армиясы француздардың маршал М. Э. Мак-Магон басқарған Шалондағы армиясын талқандады. Фрацуздардың 17 мыңға жуық солдаты мен офицері өлді және жараланды. Немістер 100 мыңнан астам адамды, оның ішінде император Наполеон ІІІ-ні тұтқынға алды. Шалондағы армияның тізе бүгуі Екінші империяның бонапарттық тәртібінің құлауын жеделдетті. 4 қыркүйекте Парижде революция басталып, Францияда республика жарияланды.[1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев