Мазмұнға өту

Autodesk Maya

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Autodesk Maya бағдарламасы — Windows, MacOS, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын үш өлшемді компьютерлік графика бағдарламасы. Алғашқыда Alias Systems Корпорациясы арқылы құрастырылды, кейін ол Autodesk Корпорациясы иелігіне көшті. Бұл бағдарлама бейне ойындар, анимацияланған бейне фильмдер, визуалды эффектілерден құралған интерактивті 3D қосымшалар құрастыру үшін қолданылады. Өнімнің атауы ретінде Хинди тілінде иллюзия ұғымын білдіретін Санскриттің Maya (माया мая) сөзі алынған. Майядағы визуализацияны төрт визуализатор арқылы жүзеге асырады: Maya Software, Maya Hardware, Maya Vector Render және Arnold. Сондай-ақ, Майяға қолдау көрсететін бірқатар үшінші тарап визуализатор бар. Олардың негізгілері:Corona Renderer, V-Ray, Arnold, RenderMan (PhotoRealistic немесе PRMan Pixar компаниясынан), finalRender, 3Delight, Gelato, Turtle, Maxwell Render, Fryrender, Indigo Renderer, Brazil R/S, mental ray, Redshift, Octane.